Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 14.02.2018 № С 18-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданы шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
А.Мананбаева |
Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж.Салыбекова |
КЕЛІСІЛДІ
Ақкөл ауданының әкімі | Т.Қ.Едігенов |
12 тамыз 2016 жыл