Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және аулдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
1. 2017 жылға арналған Ақкөл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Пигнастеев |
Ақкөл аудандық мәслихат хатшысы |
Ж.Салыбекова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақкөл ауданының әкімі | Т.Қ.Едігенов |
23 желтоқсан 2016 жыл