Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 04.02.2020 № 6С-61-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Астрахан ауданының Астрахан ауылы мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Д.Сағадатов |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |
26.08.2016 ж.
Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-4 шешіміне 1 қосымша |
Астрахан ауылы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Ай-мақ № | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймақтардың шекаралары |
1 | 2 | 3 |
I | 1.9 | Астрахан ауылының орталық бөлігін алып жатыр. Аймақтың шекарасы солтүстік жағынан - Мұқтар Әуезов көшесі, шығыс жағынан – Абылайхан көшесі, оңтүстік жағынан – Ыбырай Алтынсарин көшесі және батыс жағынан – Интернациональный тұйық қөшесі арқылы өтеді. |
II | 1.8 | Астрахан ауылының орталық бөлігін алып жатыр. Шекара солтүстік жағында Мұқтар Әуезов көшесінің бойымен өтіп, Мир және Әл Фараби көшелеріне бұрылады, шығыс шекарасы Cәкен Сейфуллин көшесі, оңтүстік шекара – Бостандық көшесімен өтіп, Панфилов және Ыбырай Алтынсарин көшелеріне бұрылады, батыс шекарасы – Абылайхан көшесінің бойымен өтеді. |
III | 1.5 | Астрахан ауылының солтүстік – шығыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Астрахан ауылының нақты шекарасы бойымен өтсе, шығыс жағында – Сәкен Сейфуллин көшесі, оңтүстік жағында - Әл Фараби көшесімен өтіп, Мир және Мұқтар Әуезов көшелеріне бұрылады. Батыс жақ бөлігінде шекара Абылайхан көшесінің бойымен өтеді. |
IV | 1.5 | Астрахан ауылының солтүстік – батыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік және солтүстік – батыс жағынан Астрахан ауылының нақты шекарасы, шығыс жағынан – Абылайхан көшесі бойымен өтіп, Мұқтар Әуезов көшесі және Интернациональный тұйық көшесіне бұрылады, одан ары шығыс бағытта Ыбырай Алтынсарин көшесіне және оңтүстігінде – орман алқабы бойымен Есіл өзенінің жағалауына дейін жетеді, оңтүстік және батыс жағынан шекара Есіл өзенінің бойымен өтеді. |
V | 1.4 | Астрахан ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Ыбырай Алтынсарин көшесімен өтіп, Панфилов және Бостандық көшелеріне бұрылады, шығыс жағынан – Сәкен Сейфуллин көшесіне, оңтүстік және батыс жағында Астрахан ауылының нақты шекарасы және Есіл өзенінің бойымен өтеді |
VI-1 | 1,0 | Ауыл шекарасының солтүстігіне қарай, құрылыс салынған бөлігінен жоғарырақ орналасқан және бас жоспар бойынша келешекте Астрахан ауылының даму көзі болып көзделген. |
VI-2 | 1,0 | Ауылдың оңтүстік бөлігінде, құрылыс салынған бөлігінің төменгі жағында орналасқан және Астрахан ауылының даму аймағы болып бас жоспар бойынша келешекте МТФ Васильевка, СТФ Васильевка көшелері көзделіп отыр. |
Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-4 шешіміне 2 қосымша |
Астрахан ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ № | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймаққа енетін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша) |
1 | 2 | 3 |
I | 1,80 | Жалтыр ауылы, Жалтыр ауылдық округі |
Новочеркасск ауылы, Новочеркасск ауылдық округі | ||
Старый Колутон ауылы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
ІІ | 1,41 | Зеленое ауылы, Есіл ауылдық округі |
Петровка ауылы, Николаев ауылдық округі | ||
Жаңатұрмыс ауылы, Қызылжар ауылдық округі | ||
Жарсуат ауылы, Жарсуат ауылдық округі | ||
Өндіріс ауылы, Новочеркасск ауылдық округі | ||
Первомайка ауылы, Первомай ауылдық округі | ||
Колутон станциясы, Колутон ауылдық округі | ||
III | 1,04 | Ақбейіт ауылы, Жалтыр ауылдық округі |
Новый Колутон ауылы, Острогор ауылдық округі | ||
Қоскөл ауылы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
Приишимка ауылы, Новочеркасск ауылдық округі | ||
Жаңабірлік ауылы, Астрахан ауылдық округі | ||
Таволжанка ауылы, Астрахан ауылдық округі | ||
Ягодное ауылы, Жарсуат ауылдық округі | ||
Акимовка ауылы, Қызылжар ауылдық округі | ||
Оксановка ауылы, Қызылжар ауылдық округі | ||
Жамбыл ауылы, Николаев ауылдық округі | ||
Өрнек ауылы, Николаев ауылдық округі | ||
Лозовое ауылы, Первомай ауылдық округі | ||
Камышенка ауылы, Первомай ауылдық округі | ||
Зареченка ауылы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
Ковыленка ауылы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
Бірлік ауылы, Колутон ауылдық округі | ||
Қаракөл ауылы, Острогор ауылдық округі | ||
IV | 0,66 | Степное ауылы, Бесбидайық ауылдық округі |
Шілікті селосы Шілікті ауылы, Есіл ауылдық округі | ||
Каменка ауылы | ||
Бесбидайық ауылы, Бесбидайық ауылдық округі | ||
Ұзынкөл ауылы, Ұзынкөл ауылдық округі | ||
Алғабас ауылы, Ұзынкөл ауылдық округі | ||
Бұлақты ауылы, Ұзынкөл ауылдық округі | ||
Жалтыр ауылы Станционная көшесі 51 ден 58 нөмір бойынша, Жалтыр ауылдық округі |