Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Г.Н.Сағнаевқа жүктелсін.
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және ресми жариаланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Қалжанов |
Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыз № а-3/116 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ п/п | Өлшемшарттар атауы | Иеліктен айыру түрі |
1 | Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса. | Аукцион түріндегі жекешелендіру |
2 | Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса. | тендер түріндегі жекешелендіру |