РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін анықтау туралы" 2015 жылғы 4 наурыздағы № 35-280 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4728 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:";
көрсетілген шешіміне қосымшада:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н.Хасенов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
2016 жылғы "22" қаңтар