Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәслихатының 22.07.2020 № 4/54 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 15)-тармақшасына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қорғалжын ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Н.Тәжин |
Қорғалжын аудандық мәслихат хатшысы |
Ө.Балғабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қорғалжын ауданының әкімі | Қ.Рыскелдінов |
8.09.2016
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 2/7 шешіміне қосымша |
Қорғалжын ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Қорғалжын ауылында митингілер, жиналыстар өткізу орындары болып белгіленсін:
1) алаң, Кенжебек Күмісбеков көшесі, 4;
2) Әділхан Шабатов атындағы Орталық алаң, Тоқтар Әубәкіров көшесі, 5.
Қорғалжын ауылында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
1) Әліби Жангелдин және Тоқтар Әубәкіров көшелері қиылысынан, Кенжебек Күмісбеков көшесіндегі алаңға дейін;
2) Мадин Рахимжан және Абай Құнанбаев көшелері қиылысынан, Әділхан Шабатов атындағы Орталық алаңға дейін.
2. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді немесе демонстрацияларды өткізу орындарында :
1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психитроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға ;
2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ біреуге қатысты зәбір көрсетуге тартатын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.
3. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта бір объектіде 3-тен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат беруге мүмкін;
2) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрінбей тұру қажет.
4. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқаша ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.
5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Қорғалжын ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтату бойынша және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.