Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 тамыздағы № С-6/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 тамызда № 5504 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 29.08.2019 № С-46/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 "Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық "Вести" газетінде және 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық "Өрлеу" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
      2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаменті Шортанды аудандық бөлімшесі;";
      2 тараудың 8 тармағы "онкологиялық аурулар;" абзацтан кейін келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғалар;
      аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер.";
      2 тараудың 9 тармағының 1) тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
      2 тараудың 10 тармағы келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын студенттерге оқуы үшін бір оқу жылына, жыл сайын, Шортанды ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып, оқу шығындарын жүз пайыз төлеу, төлем оқу мекемесімен жасасқан шарт, аудан әкімімен, Шортанды аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерімен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың, "Шортанды ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолдаухатының негізінде көрсетіледі.";
      3 тарау келесі мазмұндағы 12-1 тармақпен толықтырылсын:
      "12-1. Аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататын жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттер әлеуметтік көмек алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      оқу орнынан шарт;
      аудан әкімі, Шортанды аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерімен және студент арасында жасалған үш жақты келісім шарты;
      оқу орнынан анықтама;
      көп балалы отбасының мәртебесін растайтын анықтама немесе өтініш берушінің аз қамтылған, халыққа (отбасыларға) әлеуметтік жағынан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама;
      "Шортанды ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қолдаухаты.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
А.Қожамсейітов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

      "04" тамыз 2016 ж.

О внесении изменения и дополнений в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе"

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 4 августа 2016 года № С-6/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 августа 2016 года № 5504. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 29 августа 2019 года № С-46/3

      Сноска. Утратило силу решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 29.08.2019 № С-46/3 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Шортандинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Шортандинского районного маслихата от 25 октября 2013 года № С-21/3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3884, опубликовано 30 ноября 2013 года в районной газете "Вести" и 30 ноября 2013 года в районной газете "Өрлеу") следующие изменение и дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шортандинском районе, утвержденных указанным решением:
      подпункт 9) пункта 2 изложить в новой редакции:
      "9) уполномоченная организация – Шортандинское районное отделение Департамента "Межведомственный расчетный центр социальных выплат" - филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Акмолинской области;";
      пункт 8 раздела 2 после абзаца "онкологические больные;" дополнить абзацами следующего содержания:
      "лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
      студенты из числа малообеспеченных, многодетных, социально-уязвимых слоев населения (семей) обучающиеся в высших медицинских учебных заведениях.";
      подпункт 1) пункта 9 раздела 2 дополнить абзацем следующего содержания:
      "лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере трех месячных расчетных показателей;";
      пункт 10 раздела 2 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      "8) студентам, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях из числа малообеспеченных, многодетных, социально-уязвимых слоев населения (семей) сто процентов возмещения затрат за обучение на один учебный год, ежегодно, с учетом отработки в Шортандинском районе, выплаты производить на основании договора с учебным заведением, трехстороннего договора между акимом района, главным врачом Шортандинской районной центральной больницы и студентом, справки с места учебы, ходатайства государственного учреждения "Отдел образования Шортандинского района".";
      раздел 3 дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:
      "12-1. Для получения социальной помощи студенты, обучающиеся в высших медицинских учебных заведениях из числа малообеспеченных, многодетных, социально-уязвимых слоев населения (семей) предоставляют следующие документы:
      договор с учебным заведением;
      трехсторонний договор между акимом района, главным врачом Шортандинской районной центральной больницы и студентом;
      справку с места учебы;
      справку, подтверждающую статус многодетной семьи или справку, подтверждающую принадлежность заявителя к социально-уязвимым слоям населения (семьям);
      ходатайство государственного учреждения "Отдел образования Шортандинского района".".
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
А.Кожамсеитов
      Секретарь
районного маслихата
Д.Отаров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Шортандинского района Г.Садвокасова

      "04" августа 2016 г.