"Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-9/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5670 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 6С-61/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 22.06.2020 № 6С-61/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса берілген "Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ІХ (кезектен тыс) сессиясының
төрайымы
Қ.Өміртаева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

  Бурабай аудандық мәслихаттың
2016 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6С-9/2 шешімімен
бекітілген

"Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

      1. Осы "Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және "Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын анықтайды.
      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі – куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің "Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінде атқаратын қызметін растайтын ресми құжат болып табылады.
      3. Куәлік бір түрде жасанды теріден жасалған мұқабада көзделген.
      4. Куәлік белгіленген тәртіпте Бурабай аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі. Куәлік Бурабай аудандық мәслихат хатшысының өкілеттілік мерзімі аяқталғанша қолданылады.
      5. Куәлік лауазымға тағайындаған, ауыстырған (қайта тағайындаған), бүлінген, жоғалған кезде беріледі.
      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті алған жеріне тапсырады.
      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.
      8. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.
      9. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, мәслихат аппаратының басшысы жүргізеді.
      10. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде мәслихат аппаратының басшысына хабарлайды.
      11. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.
      12. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша аппарат басшысымен белгіленген тәртіппен қызметтік тексеру жүргізу қажеттілігі қаралады.
      13. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлікті қызметкер өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді.
      14. Көгілдір түсті жасанды теріден жасалған мұқабадағы куәлікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "МӘСЛИХАТ" деген мемлекеттік тілдегі жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 6,5x20 сантиметр болады. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Сол жақ бұрыштың сол жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының суреті. Сол жақ бұрыштың оң жағында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы" деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы мемлекеттік және орыс тілінде көрсетіледі. Сол жағында оң жақ төменгі бұрышта куәліктің берілген күні болады.
      15. Куәліктер Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  "Бурабай аудандық мәслихат
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәлігін
беру қағидаларына және оның
сипаттамасына
1 қосымша

      Нысан

"Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Беру күні

Куәлік берілген қызметкердің қолы

Тапсыру күні

Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы


      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Бурабай аудандық мәслихат
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәлігін
беру қағидаларына және оның
сипаттамасына
2 қосымша

      Нысан

      Ұйымның атауы
      АКТІ № ______
      __________________ _________ _______
      жасалу       орны                   күні
      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), қызметтік куәлікті беру Қағидалардың 7 тармағының негізінде "Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты қызметтік куәліктерін жою және есептен шығару бойынша осы актіні жасадық.
      _______________________________ _____________________                   ______
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             лауазымның атауы            қолы
      _______________________________ _____________________                  _______
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             лауазымның атауы            қолы
      _______________________________ _____________________                   _______
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)             лауазымның атауы            қолы

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Бурабайского районного маслихата" и его описание

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 9 декабря 2016 года № 6С-9/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 января 2017 года № 5670. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 22 июня 2020 года № 6С-61/2

      Сноска. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 22.06.2020 № 6С-61/2 (вводится в действия со дня официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Бурабайского районного маслихата" и его описание.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
ІХ (внеочередной) сессии
районного маслихата
К.Умуртаева
      Секретарь
районного маслихата
У.Бейсенов

  Утвержден
решением Бурабайского
районного маслихата
от 9 декабря 2016 года
№ 6С-9/2

Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Бурабайского районного маслихата" и его описание

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Бурабайского районного маслихата" и его описание (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Бурабайского районного маслихата" и его описание.
      2. Служебное удостоверение (далее – удостоверение) является официальным документом, подтверждающим занимаемую административным государственным служащим должность в государственном учреждении "Аппарат Бурабайского районного маслихата".
      3. Удостоверение предусмотрено одного вида в переплете из искусственной кожи.
      4. Удостоверение выдается в установленном порядке за подписью секретаря Бурабайского районного маслихата. Удостоверение действует на срок полномочий секретаря Бурабайского районного маслихата.
      5. Удостоверение выдаются при назначении на должность, перемещении (переназначении), порче, утере.
      6. При освобождении от занимаемой должности, увольнении, перемещении (переназначении), работники, в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего распоряжения сдают удостоверения по месту его получения.
      7. Учет выдачи и возврата удостоверений осуществляется в журнале выдачи и возврата удостоверений, который пронумеровывается и прошнуровывается, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      8. Учет выдачи и возврата удостоверений ведется руководителем аппарата маслихата.
      9. Списание и уничтожение удостоверений производится руководителем аппарата маслихата с составлением акта на списание и уничтожение удостоверений по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      10. В случае утраты или порчи удостоверения работник в течение трех рабочих дней в письменной форме сообщает руководителю аппарата маслихата.
      11. Лицо, утерявшее удостоверение, направляет на опубликование в средствах местной массовой информации информацию о недействительности утерянного удостоверения.
      12. По каждому факту утери, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи служебного удостоверения другим лицам, использования служебного удостоверения в личных внеслужебных целях, руководителем аппарата в установленном порядке рассматривается необходимость проведения служебного расследования.
      13. Утраченное или испорченное удостоверение по вине работника работник восстанавливает за счет собственных средств.
      14. Обложка удостоверения в переплете из искусственной кожи голубого цвета с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и надписью "МӘСЛИХАТ" на государственном языке. В развернутом виде удостоверение имеет размер 6,5х20 сантиметра. Левая и правая внутренняя часть выполнена в голубом цвете с изображением парящего орла под солнцем на фоне тангирной сетки установленного образца. Слева в левом углу изображение Государственного Герба Республики Казахстан. Справа в левом углу место для фотографии. В верхней части с двух сторон печатается надпись: "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН, Акмолинская область, Бурабайский район" на государственном и русском языках, по ниспадающей указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность на государственном и русском языках. Слева в правом нижнем углу дата выдачи удостоверения.
      15. Удостоверения заверяются подписью секретаря Бурабайского районного маслихата и скрепляются оттиском гербовой печати.

  Приложение 1
к Правилам выдачи служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат
Бурабайского районного
маслихата" и его описанию

      Форма

Журнал выдачи и возврата служебных удостоверений государственного учреждения "Аппарат Бурабайского районного маслихата"

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

№ удостоверения

Дата выдачи

Роспись работника, кому выдано удостоверение

Дата возврата

Роспись работника, кто сдал удостовере ние

      Примечание: журнал должен быть прошнурован, пронумерован.

  Приложение 2
к Правилам выдачи служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат
Бурабайского районного
маслихата" и его описанию

      Форма

      Наименование организации
      АКТ № ________
      ____________________ ________
      место составления            дата
      Мы, нижеподписавшиеся (не менее 3 работников, указать фамилию, имя, отчество (при наличии), занимаемую должность), составили настоящий акт по списанию и уничтожению служебных удостоверений работников государственного учреждения "Аппарат Бурабайского районного маслихата" на основании пункта 7 Правил выдачи служебного удостоверения, в связи с увольнением, переводом на другую должность.
      _______________________________ _____________________ _______
      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      наименование должности подпись
      _______________________________ _____________________ _______
      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      наименование должности подпись
      _______________________________ _____________________ _______
      Фамилия, имя, отчество (при наличии)      наименование должности подпись