Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13337) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 тамыздағы № 311 "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 тіркелген, 2015 жылғы 29 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы "30" наурызда № 120 қаулысына қосымша |
|
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы "19" тамыздағы № 311 қаулысымен бекітілген |
"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің және Ақтөбе қаласымен аудандардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің (бұдан әрі – бөлім) кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мыналардың:
1) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;
2) ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – қазынашылық) ақы төлеуге арналған төлем құжаттарын ұсыну болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен бекітілген "Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 3–қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіздеме болып табылады.
Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны;
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, оның көшірмесіне қабылданған күні және уақыты көрсетілген белгі қояды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды.
Нәтижесі – түскен құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде Стандарттың қосымшасында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.
Нәтижесі – субсидиялар төлеу үшін ведомості құрады және қазынашылыққа көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді, теріс шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабарлайды.
бөлімге жүгінген кезде:
1) бөлімнің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат береді.
Нәтижесі – тіркейді және бөлімнің басшысына құжатқа бұрыштама қоюға жолдайды;
2) бөлімнің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды.
Нәтижесі – түскен құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін бөлімнің жауапты орындаушысына жолдайды;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде Стандарттың қосымшасында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда бөлім көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді жолдайды, теріс шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабарлайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді жолдау немесе теріс шешім туралыжазбаша хабарлау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы2 (екі) жұмыс күннің ішінде субсидиялар төлеу үшін ведомості құрады.
Нәтижесі – қазынашылыққа көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) бөлімнің кеңсе маманы;
6) бөлімнің басшысы;
7) бөлімнің жауапты орындаушысы;
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) өту реттілігін сипаттау:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі мен аты-жөні, оның көшірмесіне қабылданған күні және уақыты көрсетілген белгі қояды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде Стандарттың қосымшасында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.
бөлімге жүгінген кезде:
1) бөлімнің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдауды жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат береді;
2) бөлімнің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды;
3) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушы өтінім ұсынған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде Стандарттың қосымшасында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді, субсидиялар беруде оң шешім болған жағдайда бөлім көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді жолдайды, теріс шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабарлайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күннің ішінде субсидиялар төлеу үшін ведомості құрады.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үдерістердің (іс-әрекеттердің) реттілігін және жүгіну тәртібін сипаттау:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды және Стандартқа сәйкес өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторымен Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу;
3) 2-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторы қызметті таңдайды, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығарады және Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды куәландырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізеді;
4) 3-үдеріс –Мемлекеттік корпорация Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі –МК ЫАЖ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдайды;
5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру;
6) 4 -үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастырады;
7) 5 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) порталға жолдайды;
8) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторы арқылы қызметтің нәтижесін (субсидия тағайындау/тағайындамау туралы хабарлама) алады.
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының үдерістерінің (іс-әрекеттерінің) реттілігінжәнежүгіну тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН/ БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, экранға қызметті көрсетуге арналған сұраныс нысаны шығады және көрсетілетін қызметті алушы нысанды оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып толтырады (мәліметтерді енгізеді), сұрау салу нысанына Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түрдегі көшірмесін жалғайды, сонымен қатар көрсетілетін қызметтіалушы сұранысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінінде жоқтығы, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігі (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН аралығындағы) тексеріледі;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;
8) 5-үдеріс - көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) порталға жолдайды;
9) 6 -үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алады.
10. Портал арқылы мемлекетік қызмет көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн және мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекеті
Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |