Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 56 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 5075 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 26 ақпандағы № 513 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 26.02.2020 № 513 шешімімен (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы С. ІЗІМБЕТОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2016 жылғы 17 тамыздағы № 56 облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген

Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының (бұдан әрі – аппарат) қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
      3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес.
      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының қолы қойылып беріледі:
      6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.
      Қызметкерлер қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).
      7. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аппараттың кадр қызметінің сейфінде сақталады.
      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.
      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде, қызметтік куәлікті беруге жауапты, кадр қызметінің қызметкері бұрын берілген қызметтік куәлікті қайтарып алады.

3. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

      9. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19 х 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан тұрады.
      10. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен "АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" деген жазу жазылған.
      11. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ", "АППАРАТ АКТЮБИНСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА" деген жазулар орналастырылған.
      12. Сол жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, облыстық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.
      13. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады. Одан төмен куәліктің берілген күні көрсетіледі.

4. Қорытынды ережелер

      14. Кадр қызметі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.
      15. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды облыстық мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
      16. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.
      17. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметі қызметтік тексеру туралы өкім шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.
      18. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр қызметі хабардар етеді. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр қызметі береді.
      19. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті кадр қызметіне тапсырады.
      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.
      20. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларына және оның сипаттамасына қосымша
  нысан

Ақтөбе облыстық мәслихаты аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, аты, жөні
(бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе




























      Ескертпе: Ақтөбе облыстық мәслихаты аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және кадр қызметі қызметкерінің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения аппарата Актюбинского областного маслихата и его описание

Решение маслихата Актюбинской области от 17 августа 2016 года № 56. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 сентября 2016 года № 5075. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 26 февраля 2020 года № 513

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Актюбинской области от 26.02.2020 № 513 (вводится в действие с 01.06.2020).
      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые к настоящему решению Правила выдачи служебного удостоверения аппарата Актюбинского областного маслихата и его описание.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии областного маслихата С. ИЗИМБЕТОВ
      Секретарь областного маслихата С. КАЛДЫГУЛОВА

  Утверждено решением областного маслихата от 17 августа 2016 года № 56

Правила
выдачи служебного удостоверения аппарата Актюбинского областного маслихата и его описание

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения аппарата Актюбинского областного маслихата и его описание (далее - Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения аппарата Актюбинского областного маслихата (далее - аппарат).
      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее - служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.
      3. Служебное удостоверение соответствует описанию, утвержденному настоящим решением.
      4. Удостоверение без соответствующего оформления, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      5. Служебное удостоверение выдается за подписью секретаря Актюбинского областного маслихата.
      6. Служебное удостоверение выдается сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, утере, а также порчи ранее выданного удостоверения.
      При получении служебного удостоверения сотрудники расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппарата (далее - журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      7. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе кадровой службы аппарата.
      8. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.
      При замене служебного удостоверения, предусмотренного пунктом 6 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудником кадровой службы, ответственным за выдачу служебного удостоверения.

3. Описание служебного удостоверения

      9. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества бордового цвета, размером 19 х 6,5 сантиметров (в развернутом состоянии).
      10. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ".
      11. На внутренней стороне удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН"; под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой, надписи "АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ", "АППАРАТ АКТЮБИНСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА".
      12. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3х4 сантиметров, рядом указывается номер служебного удостоверения, имя, отчество (при наличии), фамилия, занимаемая должность. Текст печатается на государственном языке, заверяется подписью секретаря областного маслихата и гербовой печатью.
      13. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН", рядом указывается номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность. Текст печатается на русском языке. Ниже указывается дата выдачи удостоверения.

4. Заключительные положения

      14. Ежегодно, по состоянию на 1 января, кадровой службой проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.
      15. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель аппарата областного маслихата.
      16. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме кадровую службу, подает объявление в средства массовой информации.
      17. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, кадровая служба в течение десяти рабочих дней со дня издания распоряжения о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия аппарата рассматривает вопрос о привлечении виновных лиц к дисциплинарной ответственности.
      18. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется кадровая служба. Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается кадровой службой после проведения служебного расследования.
      19. При увольнении сотрудник сдает служебное удостоверение в кадровую службу.
      На обходном листе при сдаче удостоверения ставится роспись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.
      20. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении, либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение к Правилам выдачи служебного удостоверения аппарата Актюбинского областного маслихата и его описания
  форма

Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппарата Актюбинского областного маслихата

Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание




























      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих аппарата Актюбинского областного маслихата прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью сотрудника кадровой службы и гербовой печатью.