Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 89 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 16 қаңтарда № 5227 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 8 сәуірдегі қорытындысына, Мәртөк ауданы әкімдігінің және мәслихатының ұсыныстарына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспеге орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.08.2018 № 376 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 15.08.2018 № 322 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылы Достық ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Т.Шерияздановқа жүктелсін.
      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Облыстық
мәслихаттың хатшысы
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. ТУЛЕГЕНОВА

О переименовании села Веренка Аккудыкского сельского округа Мартукского района Актюбинской области в село Достык

Постановление акимата Актюбинской области от 12 декабря 2016 года № 516 и решение маслихата Актюбинской области от 12 декабря 2016 года № 89. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 января 2017 года № 5227.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьями 6 и 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 138 "Об утверждении Правил учета мнения населения соответствующей территории при наименовании, переименовании административно-территориальных единиц, составных частей населенных пунктов, а также уточнении и изменении транскрипции их наименований", заключением областной ономастической комиссии от 8 апреля 2016 года, предложений акимата и маслихата Мартукского района, акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      Сноска. В преамбулу внесено изменение на русском языке, текст на казахском языке не меняется постановлением акимата Актюбинской области от 15.08.2018 № 376 и решением Актюбинского областного маслихата от 15.08.2018 № 322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).
      1. Переименовать село Веренка Аккудыкского сельского округа Мартукского района Актюбинской области в село Достык.
      2. Контроль за исполнением данного совместного постановления акимата и решения маслихата возложить на заместителя акима области Шериязданова А.Т.
      3. Настоящее совместное постановление акимата и решение маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким области Б. САПАРБАЕВ
      Секретарь
областного маслихата
С. КАЛДЫГУЛОВА
      Председатель сессии
областного маслихата
А. ТУЛЕГЕНОВА