1. 2016 жылға Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдаудың келесідей турлері көрсетілсін:
1) жетпіс еселік айлық есепетік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық еспетік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрайымы: | хатшысы: |
С.Б Біртаева | Е.Б Таңсықбаев |