1. Қарақобда селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2009 жылғы 26 қазандағы № 4 "Құмсай ауылының көшесіне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3-3-94 болып тіркелген, 2009 жылдың 22 желтоқсанында "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлданған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне" деген сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақобда ауылдық округінің әкімі | С. Курмансеитов |