Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Жылқыбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі | Р.Сыдықов |
Қарғалы ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 18 ақпандағы | |
№ 63 қаулысымен | |
БЕКІТІЛГЕН |
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қарғалы ауданының аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады."Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствасы бар: "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 10 шілде 2002 жылғы "Ветеринария туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актлеріне,басқа да заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық депертаментінің Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шоттары бар.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық заңнамаға сәйкес уәкілетті болған жағдайда, мемлекет атынан түсуге құқылы.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзырына жататын мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте шешім қабылдайды, олар "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге актілермен рәсімделеді.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030500, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі 7/2 үй.
Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады .
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тыйым салынады.
Егер, "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс түсетін қызметпен айналысу құқығы берілсе, онда бұндай қызметтен түскен кіріс мемлекетік бюджет кірісіне бағытталады.
2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.2. Міндеттері:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
1. Функциялары:
қанғыған иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
12) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
13) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
14) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
15) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңменен, басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан және басқа мемлекеттік және мемелекеттік емес құрылымдардан бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті материалдарды сұратып алады және тиісінше хат жазысуды жүргізуге;
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тоқтату туралы ұсыныс шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18) "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады."Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы - бас мемлекеттік ветеринарлық дәрігері болып табылады, өзге лауазымды тұлғалар мемлекеттік ветериналық дәрігер болып табылады.
19) "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қарғалы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20) "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары болмайды.
21) "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
сенімхаттар береді;
заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
азаматтарды жеке қабылдауларды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
"Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.23. "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.