1. Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 7 "2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 тіркелген, 2016 жылғы 14 сәуірдегі "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | Ж. АТАМҰРАТОВА |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж. ЕРҒАЛИЕВ |