Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 121 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 4918 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 82 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 06.03.2017 № 82 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 424 "Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4611 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 желтоқсанында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі С. Шаңғұтов

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы 18 сәуірдегі
  № 121 қаулысымен
  бекітілген

Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – осы Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы, егер оның құрамының үштен екісінен кем емесі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің қызметшісі табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші
      қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
      11. "Б" корпусы қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындаған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспары:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатының (мақсаттарына) жетістіктігіне бағытталған, ал егер ол (олар) болмаған жағдайда, оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмысының іс-шараларының атауын қамтиды.
      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісінің жұмысының функционалды бағытымен байланысатын, нақты аяқтау нысанына ие болады.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.
      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, бегіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін көрсеткіш немесе қызмет түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшысымен бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындау тәртібін бұзуға:
      1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібін бұзуға:
      1) дәлелсіз себеппен жұмыста болмауы;
      2) дәлелсіз себеппен жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп бойынша уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі және әдеп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулар (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы "Б" корпусы қызметшісімен расталады.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау
      1) тікелей басшыны;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштыларды;
      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда - "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізімі (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттеріне және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      33. Персоналды басқару қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды бағалау

      35. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
      ∑m = 100 + а – в,
      ∑m – тоқсандық баға;
      а – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      80 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық"
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді"
      130 баллдан астам – "өте жақсы".
      37. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусы қызметшісінің жыл қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      ∑жыл = 0,3*∑m+0,6*∑ ИП+0,1*∑k,
      ∑жыл – жылдық баға;
      ∑m – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
       "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      ∑ ИП – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);
      ∑k – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).
      38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3 баллдан бастап 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық";
      4 баллдан бастап 5 баллға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 5–қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелері бекітілсін;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қаралсын.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер "Б" корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) Персоналды басқару қызметімен "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      41. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 39–тармағында көрсетілген құжаттар, сондай–ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметіне жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш айдың ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
  1-қосымша

      Нысан
      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс
жоспары жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
Қызметшінің лауазымы: _____________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
___________________________________________________________

№ р/с
Шаралардың аталуы*
Іс-шараның нәтижесі
1
Іс-шара
 
2
Іс-шара
 
3
Іс-шара
 
4

 

      
      Ескертпе:
- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс

Қызметші 
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
_________________________________
күні ____________________________
қолы ________________________

  Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
  2-қосымша

      Нысан
      Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_____________________________________________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
Тікелей басшының бағалауы
Ескерту
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәлімет тер
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәлімет тер
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:
 

      

Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні __________________________
қолы __________________________
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
күні _______________________________
қолы _______________________________

  Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
  3-қосымша

      Нысан
      Бағалау парағы
_________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_____________________________________________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с
Аталуы
Маңызы
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
Басшының бағалау нәтижелері
Ескерту
1
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
2
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
3
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
4

 
 
 
 

      

Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдай ____________________________
күні _______________________
қолы _______________________
Тікелей басшы
Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________________________
күні
_____________________________
қолы ________________________
 

  Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
  4-қосымша

      Нысан
      Айналмалы бағалау нәтижелері
__________________________________________________ жыл
(бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
_____________________________________________________________________

№ р/с
Құзіреттін аталуы
Маңызы
Баға (балл)
Тікелей басшы
1.
Бастамашылығы
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай білу
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Жұмысқа негіздей білу
2-ден 5 ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей білу
2-ден 5 ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтау
2-ден 5 ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ:
 

  Мұғалжар ауданының жергілікті атқарушы органдарының
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне
  5-қосымша

      Нысан
      Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
      _____________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең
(тоқсан және (немесе) жыл)
      Бағалау нәтижелері


р/с
Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Комиссияның ұсыныстары
1.
 
 
 
2.
 
 
 
...
 
 
 

      
      Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       Тексерген:
Комиссия хатшысы: _____________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі: _______________________Күні: ____________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Мугалжарского района

Постановление акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 18 апреля 2016 года № 121. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 12 мая 2016 года № 4918. Утратило силу постановлением акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 6 марта 2017 года № 82

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мугалжарского района Актюбинской области от 06.03.2017 № 82 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пункта 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрированный в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12705), акимат Мугалжарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Мугалжарского района.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Мугалжарского района от 10 ноября 2015 года № 424 "Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Мугалжарского района" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4611, опубликованное 17 декабря 2015 года в районной газете "Мугалжар").
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.
      Аким района Шангутов С.

  Утверждена
постановлением акимата
  Мугалжарского района
от 18 апреля 2016 года №121

Методика оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Мугалжарского района

1. Общие положения

      1. Настоящая методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Мугалжарского района (далее – настоящая Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и Типовой методикой оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" утвержденной приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 13 (зарегистрированной в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12705) и определяет алгоритм оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Мугалжарского района (далее-служащие корпуса "Б").
      2. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов Мугалжарского района (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по результатам деятельности служащего
корпуса "Б" на занимаемой должности:
      1) по итогам квартала (квартальная оценка) – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом (за исключением четвертого квартала, оценка которого проводится не позднее десятого декабря);
      2) по итогам года (годовая оценка) – не позднее двадцать пятого декабря оцениваемого года.
      Оценка служащего корпуса "Б" не проводится в случаях, если срок пребывания на занимаемой должности в оцениваемом периоде составляет менее трех месяцев.
      Служащие корпуса "Б", находящиеся в социальных отпусках, проходят оценку после выхода на работу в сроки, указанные в настоящем пункте настоящей Методики.
      4. Квартальная оценка проводится непосредственным руководителем и основывается на оценке исполнения служащим корпуса "Б" должностных обязанностей.
      Непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. Годовая оценка складывается из:
      1) средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы;
      2) оценки выполнения служащим корпуса "Б" индивидуального плана работы;
      3) круговой оценки.
      6. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" создается Комиссии по оценке, рабочим органом которой является служба управления персоналом.
      7. Заседание Комиссии по оценке считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.
      Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии по оценке осуществляется по решению уполномоченного лица путем внесения изменения в приказ о создании комиссии по оценке.
      8. Решение Комиссии по оценке принимается открытым голосованием.
      9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии по оценке. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Секретарем Комиссии по оценке является сотрудник службы управления персоналом. Секретарь Комиссии по оценке не принимает участие в голосовании.

2. Составление индивидуального плана работы

      10. Индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" составляется не позднее первого января следующего года, служащим корпуса "Б" и его непосредственным руководителем совместно по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике.
      11. При назначении служащего корпуса "Б" на должность по истечении указанного в пункте 10 настоящей Методики срока, индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" на занимаемой должности составляется в течение десяти рабочих дней со дня назначения его на должность.
      12. Индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" содержит:
      1) персональные данные о служащем корпуса "Б" (Ф.И.О. (при его наличии), занимаемая должность, наименование структурного подразделения служащего корпуса "Б");
      2) наименование мероприятий работы служащего корпуса "Б", направленных на достижение стратегической цели (целей) государственного органа, а в случае ее (их) отсутствия, исходя из его функциональных обязанностей.
      Мероприятия указываются достижимые, реалистичные, связанные
с функциональным направлением работы служащего корпуса "Б", имеющие конкретную форму завершения.
      Количество и сложность мероприятий определяются в сопоставлении по государственному органу.
      3) подписи служащего корпуса "Б" и его непосредственного руководителя, дата подписания индивидуального плана.
      13. Индивидуальный план составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается в службу управления персоналом. Второй экземпляр находится у руководителя структурного подразделения служащего корпуса "Б".

3. Подготовка к проведению оценки

      14. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии по оценке.
      Служба управления персоналом обеспечивает своевременное уведомление служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

4. Оценка исполнения должностных обязанностей

      15. Оценка исполнения должностных обязанностей складывается из базовых, поощрительных и штрафных баллов.
      16. Базовые баллы устанавливаются на уровне 100 баллов.
      17. Поощрительные баллы выставляются за показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы, а также виды деятельности, являющиеся сложными в содержательном и/или организационном плане.
      18. Поощряемые показатели и виды деятельности определяются государственными органами исходя из своей специфики и распределяются по пятиуровневой шкале в порядке возрастания объема и сложности осуществляемой работы. При этом в число поощряемых показателей и видов деятельности могут входить как фиксируемые, так и нефиксируемые в Единой системе электронного документооборота и Интернет-портале государственных органов документы и мероприятия.
      За каждый поощряемый показатель или вид деятельности служащему корпуса "Б" непосредственным руководителем присваиваются в соответствии с утвержденной шкалой от "+1" до "+5" баллов.
      19. Штрафные баллы выставляются за нарушения исполнительской и трудовой дисциплины.
      20. К нарушениям исполнительской дисциплины относятся:
      1) нарушения сроков исполнения поручений вышестоящих органов, руководства государственного органа, непосредственного руководителя
и обращений физических и юридических лиц;      
      2) некачественное исполнение поручений, обращений физических и юридических лиц.
      21. К нарушениям трудовой дисциплины относятся:      
      1) отсутствие на работе без уважительной причины;      
      2) опоздания на работу без уважительной причины;      
      3) нарушения служащими служебной этики.      
      Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от службы управления персоналом, непосредственного руководителя служащего корпуса "Б", уполномоченного по этике.
      22. За каждое нарушение исполнительской и трудовой дисциплины служащему корпуса "Б" выставляются штрафные баллы в размере "–2" балла за каждый факт нарушения.
      23. Для проведения оценки исполнения должностных обязанностей служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      24. Непосредственный руководитель с учетом представленных службой управления персоналом и уполномоченным по этике сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.
      25. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".
      Отказ служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

5. Оценка выполнения индивидуального плана работы

      26. Для проведения годовой оценки служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.      
      27. Непосредственный руководитель рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.
      28. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".
      Отказ служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

6. Круговая оценка

      29. Круговая оценка представляет собой оценки:
      1) непосредственного руководителя;
      2) подчиненных служащего корпуса "Б";      
      3) а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий корпуса "Б" (в случае их      наличия).
      30. Перечень лиц (не более трех), указанных в подпунктах 2) и 3) пункта 29 настоящей Методики, определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего корпуса "Б".
      31. Лица, указанные в пункте 29 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 4 к настоящей Методике.      
      32. Заполненные оценочные листы направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      33. Служба управления персоналом осуществляет расчет среднего значения круговой оценки.
      34. Круговая оценка осуществляется анонимно.

7. Итоговая оценка

      35. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" вычисляется непосредственным руководителем по следующей формуле:
      ∑кв = 100 + а – в,
      где ∑кв – квартальная оценка;
      а – поощрительные баллы;      
      в – штрафные баллы.
      36. Итоговая квартальная оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 80 баллов – "неудовлетворительно";
      от 80 до 105 баллов – "удовлетворительно";
      от 106 до 130 (включительно) баллов – "эффективно";
      свыше 130 баллов – "превосходно".
      37. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по оценке по следующей формуле:
      ∑год = 0,3*∑кв+0,6*∑ ИП+0,1*∑k,
      где∑год – годовая оценка;
      ∑кв – средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое значение).
      При этом полученное среднеарифметическое значение квартальных оценок с учетом шкалы, указанной в пункте 36 настоящей Методики, приводится к пятибалльной системе оценок, а именно:
      значению "неудовлетворительно" (менее 80 баллов) присваиваются 2 балла,
      значению "удовлетворительно" (от 80 до 105 баллов) – 3 балла,
      значению "эффективно" (от 106 до 130 (включительно) баллов) – 4 балла,
      значению "превосходно" (свыше 130 баллов) – 5 баллов;      
      ∑ ИП – оценка выполнения индивидуального плана работы (среднеарифметическое значение);      
      ∑k – круговая оценка (среднеарифметическое значение).
      38. Итоговая годовая оценка выставляется по следующей шкале:
       менее 3 баллов – "неудовлетворительно";
      от 3 до 4 баллов – "удовлетворительно";
      от 4 до 5 баллов – "эффективно";
      5 баллов – "превосходно".

8. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      39. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненные оценочные листы;      
      2) заполненный лист круговой оценки (для годовой оценки);
      3) должностная инструкция служащего корпуса "Б";      
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 5 к настоящей Методике.
      40. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего корпуса "Б" превышает результат оценки. При этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего корпуса "Б";
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего корпуса "Б".
      41. Служба управления персоналом ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме
      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      42. Документы, указанные в пункте 39 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

9. Обжалование результатов оценки

      43. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса "Б"
в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      44. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса "Б" осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      45. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.
      46. Служащий корпуса "Б" вправе обжаловать результаты оценки в суде.      

10. Принятие решений по результатам оценки

      47. Результаты оценки являются основаниями для принятия решений по выплате бонусов и обучению.
      48. Бонусы выплачиваются служащим корпуса "Б" с результатами оценки "превосходно" и "эффективно".
      49. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению, по которому деятельность служащего корпуса "Б" по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.
      Служащий корпуса "Б" направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после утверждения Комиссией результатов годовой оценки его деятельности.
      50. Служащий корпуса "Б", получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      51. Результаты оценки служащего корпуса "Б" по итогам двух лет подряд со значением "неудовлетворительно" являются основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса "Б" увольняется в порядке, установленном законодательством.
      52. Результаты оценки деятельности служащих корпуса "Б" вносятся в их послужные списки.

  Приложение 1
к методике оценки деятельности
административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов
  Мугалжарского района

      Форма
      Индивидуальный план работы административного
государственного служащего корпуса "Б"
      __________________________________год 
(период, на который составляется индивидуальный план)
      Ф.И.О. (при его наличии) служащего: _________________________________
Должность служащего: ________________________________________________
Наименование структурного подразделения служащего:
_____________________________________________________________________

№ 
п/п
Наименование мероприятий *
Результат мероприятия
1
Мероприятие
 
2
Мероприятие
 
3
Мероприятие
 
4

 

      Примечание:
* - мероприятия определяются с учетом их направленности на достижение
стратегической цели (целей) государственного органа, а в случае ее
(их) отсутствия, исходя из функциональных обязанностей служащего.
Количество и сложность мероприятий должны быть сопоставимы по
государственному органу.

Служащий 
Ф.И.О. (при его наличии)______
дата _________________________
подпись ______________________
Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии)__________
дата _____________________________
подпись __________________________

  Приложение 2
к методике оценки деятельности
административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов
  Мугалжарского района
  Форма

      Оценочный лист
      ___________________квартал ____ года 
(оцениваемый период)
      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________
Должность оцениваемого служащего: __________________________________
Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:
___________________________________________________________________
      Оценка исполнения должностных обязанностей:

№ п/п
Самооценка служащего
Оценка непосредственного руководителя
Примечание
Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности
Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины
Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины
Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности
Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины
Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
Результат самооценки:
Результат оценки:
 

      

Служащий 
Ф.И.О. (при его наличии)________
дата __________________________
подпись _______________________
Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии)____________
дата _______________________________
подпись ____________________________

  Приложение 3
к методике оценки деятельности
административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов
  Мугалжарского района
  Форма

      Оценочный лист
      __________________________________________________год
(оцениваемый год)
      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:_____________________
Должность оцениваемого служащего: __________________________________
Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:
___________________________________________________________________
      Оценка выполнения индивидуального плана:

№ п/п
Наименование
Значение
Результаты самооценки служащего
Результаты оценки руководителя
Примечание
1
Мероприятие
от 2 до 5
 
 
 
2
Мероприятие
от 2 до 5
 
 
 
3
Мероприятие
от 2 до 5
 
 
 
4

 
 
 
 

      

Служащий 
Ф.И.О. (при его наличии)_______
дата _______________________
подпись ____________________
Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии)____________
дата ____________________________
подпись ________________________

  Приложение 4
к методике оценки деятельности
административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов
  Мугалжарского района
  Форма

      Лист круговой оценки
      __________________________________________________год 
(оцениваемый год)
      Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________
Должность оцениваемого служащего: __________________________________
Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:
____________________________________________________________________


п/п
Наименование компетенции
Значение
Оценка (баллы)
Непосредственный руководитель
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
ИТОГО:
 
 
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
ИТОГО:
 
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
ИТОГО:
 
 

  Приложение 5
к методике оценки деятельности
административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов
  Мугалжарского района
  Форма

      Протокол заседания Комиссии по оценке
______________________________________________________
(наименование государственного органа)
      _________________________________________________________
(вид оценки: квартальная/годовая и оцениваемый период
(квартал и (или) год)
      Результаты оценки


п/п
Ф.И.О.
(при его наличии)
служащих
Сведения о результатах оценки
Корректировка Комиссией результатов оценки (в случае наличия)
Рекомендации Комиссии
1.
 
 
 
 
2.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      
      Заключение Комиссии:
____________________________________________________________________
       Проверено:
Секретарь Комиссии: _______________________ Дата: _____________
(Ф.И.О(при его наличии)., подпись)
Председатель Комиссии: _____________________ Дата: ____________
(Ф.И.О(при его наличии)., подпись)
Член Комиссии: ____________________________ Дата: _____________
(Ф.И.О(при его наличии)., подпись)