1. 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы" және "Ембі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
2) "Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3) "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Қалалар және ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа және "Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Культлеуовке жүктелсін (келісім бойынша).
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкiмi | С.Шаңғұтов |