1. Кеңестуы селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі "Елді мекендердің көшелеріне атау беру туралы" 2008 жылғы 16 маусымдағы № 7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-72 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 шілдеде аудандық "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеңестуы ауылдық округінің әкімі | С. Тұранов |