Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 4 хаттамасы негізінде, Хромтау ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Хромтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Хромтау ауданы аумағындағы төтенше жағдайды жою басшылығын өзіме қалдырамын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргіземін.
3. Хромтау ауданы әкімінің 2016 жылғы 3 қаңтардағы № 1 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтікт құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне № 4665 болып тіркелген, 2016 жылдың 7 қаңтарында "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі және 2016 жылдың 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Хромтау ауданының әкімі | А.Усмангалиев |