"Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 322 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 наурызда № 4796 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 08 маусымдағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 08.06.2016 № 30 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 25 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығының 65 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Р.Исаев Д.Молдашев

  Хромтау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 18 ақпандағы
  № 322 шешімімен
  бекітілген

"Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е 1. Жалпы ережелер

      1. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Хромтау аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің Хромтау аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Хромтау аудандық мәслихаты хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 031100 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, М.Горький көшесі, 9.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде - "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат Хромтауского районного маслихата".
      11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Хромтау аудандық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1) аудандық мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      2) депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
      16. Функциялары:
      1) аудандық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді аудандық мәслихаттың Регламентіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3830 болып тіркелді) сәйкес жүзеге асырады;
      2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелерге байланысты шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;
      3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын және оның атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;
      4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;
      5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында енгізген ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған ic-шаралардың орындалуын қадағалайды;
      6) сессияларда қаралатын мәселелердің тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етуде көмек көрсетеді;
      7) аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда олардың әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;
      9) аудандық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға жолдануын қамтамасыз етеді;
      10) аудандық мәслихаттың сессиялары мен оның басқа да органдарының отырыстарының хаттамаларын жүргізеді;
      11) ic жүргізеді.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудандық мәслихаттың жоспарланған сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссияларының отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан ақпараттар сұрау;
      2) депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;
      3) аудандық мәслихатқа жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижесіне бақылау жасау;
      4) аудандық мәслихаттың сессияларының және тұрақты комиссияларының отырыстары хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету.

3. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру

      18. Мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілікте болатын, аудандық мәслихаттың хатшысы мәслихат аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      19. Аудандық мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
      20. Аудандық мәслихат хатшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметшілерді оқу орталықтарында оқытуға және қызметшілердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      6) банктік шоттарды ашады;
      7) барлық қызметшілер үшін міндетті өкімдер шығарады және нұсқаулар береді;
      8) мемлекеттік мекеме қызметшілерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) мемлекеттік мекеме қызметшілеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәртіптік жазаға тарту және көтермелеу шараларын қолданады;
      10) аудандық мәслихат аппараты басшысының міндеттері мен өкілеттігі аясын айқындайды;
      11) мәслихаттың сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге қол қояды;
      12) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихаттың сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмыстарға қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      13) депутаттардың сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      14) сайлаушылардың өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      15) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      16) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен, мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      17) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      18) мәслихаттың шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi.
      Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихаттың депутаты уақытша жүзеге асырады.
      21. Мәслихат аппаратын заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихаттың хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
      22. Аппарат басшысы:
      1) аппараттың қызметінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманың сақталуын, сессиялардың жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
      2) аппарат қызметшілерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы мәслихат хатшысына ұсыныс енгізеді;
      3) мәслихат аппаратының қызметшілеріне басшылықты жүзеге асырады, олардың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      4) мемлекеттік қызметшілердің жалпы еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға басшылық жасауды, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды, құжат айналымын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
      5) аппарат қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмектер көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін көтеру және сыйақы беру мәселелері бойынша мәслихат хатшысымен келіседі және ұсыныстар жасайды;
      6) шешімдердің, өкімдердің жобаларын, сондай-ақ мәслихат хатшысының атына түскен құжаттар мен материалдарды аудандық мәслихат хатшысына қол қоюға және қарауға ұсынады;
      7) қызметтік ісқұжаттарға, аппарат қызметшілерінің еңбек кітапшаларына қол қояды;
      8) мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
      23. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

4. Мәслихат аппаратының мүлкi

      24. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Мәслихат аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Мәслихат аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихаттың аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат Хромтауского районного маслихата"

Решение маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 18 февраля 2016 года № 322. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 марта 2016 года № 4796. Утратило силу решением маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 08 июня 2016 года № 30

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Хромтауского района Актюбинской области от 08.06.2016 № 30.
      В соответствии со статьями 6, 25 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", пунктом 65 Указа Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата", Хромтауский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат Хромтауского районного маслихата".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Секретарь районного
      районного маслихата маслихата
      Р.Исаев Д.Мулдашев

  Утверждено
  решением Хромтауского районного маслихата от 18 февраля 2016 года № 322

П О Л О Ж Е Н И Е о государственном учреждении "Аппарат Хромтауского районного маслихата" 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Хромтауского районного маслихата" является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим деятельность Хромтауского районного маслихата, его органов и депутатов.
      2. Государственное учреждение "Аппарат Хромтауского районного маслихата" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат Хромтауского районного маслихата" (далее - аппарат маслихата) осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в государственном учреждении "Хромтауское районное управление казначейства Департамента казначейства по Актюбинской области Министерства Финансов Республики Казахстан".
      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями секретаря Хромтауского районного маслихата.
      8. Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: индекс 031100, Республика Казахстан, Актюбинская область, Хромтауский район, город Хромтау, улица М.Горького, 9.
      10. Полное наименование государственного органа: на государственном языке - "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі, на русском языке - государственное учреждение "Аппарат Хромтауского районного маслихата".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата маслихата.
      12. Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.
      13. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата маслихата.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности аппарата маслихата

      14. Миссия аппарата маслихата: обеспечение эффективной деятельности Хромтауского районного маслихата.
      15. Задачи:
      1) осуществление организационного, правового, материально-технического и иного обеспечения районного маслихата и его органов;
      2) оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий.
      16. Функции:
      1) в соответствии с Регламентом районного маслихата (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3830) обеспечивает подготовительную и организационно-техническую работу проведения сессий, заседаний постоянных комиссий районного маслихата;
      2) обеспечивает депутатов проектами решений и другими материалами по вопросам, вносимым на рассмотрение сессий, постоянных комиссий;
      3) составляет на основании предложений постоянных комиссий планы работы районного маслихата, готовит отчеты о его деятельности;
      4) содействует депутатам маслихата в осуществлении их полномочий, оказывает консультативную и методическую помощь, контролирует своевременность рассмотрения и реализации запросов, предложений и замечаний депутатов;
      5) ведет учет и обобщение предложений и замечаний, внесенных депутатами при осуществлении ими своих полномочий, составляет и контролирует выполнение мероприятий по их реализации;
      6) организует предварительное обсуждение рассматриваемых на сессиях вопросов на заседаниях постоянных комиссий, оказывает помощь депутатам в вопросах качественной подготовки проектов решений и заключений;
      7) участвует в разработке актов районного маслихата, а также обеспечивает их регистрацию в органах юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;
      8) в случаях и порядке, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан, обеспечивает публикацию решений районного маслихата в средствах массовой информации;
      9) обеспечивает рассылку решений и других документов районного маслихата соответствующим органам;
      10) ведет протоколы сессий районного маслихата и других заседаний его органов;
      11) ведет делопроизводство.
      17. Права и обязанности:
      1) запрашивать от государственных органов и должностных лиц информацию по вопросам повестки дня планируемых сессий районного маслихата и заседаний постоянных (временных) комиссий;
      2) направлять запросы в государственные органы и учреждения в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации запросов депутатов, и депутатских предложений;
      3) осуществлять контроль за сроками и результатом исполнения обращений юридических и физических лиц, направленных в районный маслихат;
      4) обеспечивать протоколирование сессий районного маслихата и заседаний постоянных комиссий.

3. Организация деятельности аппарата маслихата

      18. Общее руководство аппаратом маслихата осуществляется секретарем районного маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своих функций.
      19. Секретарь районного маслихата не имеет заместителей.
      20. Полномочия секретаря районного маслихата:
      1) без доверенности действует от имени государственного учреждения;
      2) представляет интересы государственного учреждения в государственных органах, иных организациях;
      3) заключает договоры;
      4) выдает доверенности;
      5) утверждает порядок и планы государственного учреждения, связанных с командировками, стажировками, обучением сотрудников в учебных центрах и иными видами повышения квалификации работников;
      6) открывает банковские счета;
      7) издает распоряжения и дает указания, обязательные для всех работников;
      8) принимает на работу и увольняет с работы работников государственного учреждения;
      9) применяет меры привлечения к дисциплинарному взысканию и поощрению на работников государственного учреждения в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      10) определяет обязанности и круг полномочий руководителя аппарата районного маслихата;
      11) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, обеспечивает составление протокола и вместе с председателем сессии подписывает решения принятые или утвержденные на сессии маслихата;
      12) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;
      13) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;
      14) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;
      15) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;
      16) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии со статьей 24 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";
      17) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;
      18) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением.
      При отсутствии секретаря маслихата по решению председателя сессии маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.
      21. Аппарат маслихата возглавляет руководитель аппарата, назначаемый и освобождаемый от должности секретарем районного маслихата в установленном законодательством порядке.
      22. Руководитель аппарата:
      1) обеспечивает подготовку и проведение пленарных заседаний сессий, соблюдение законодательства о местном государственном управлении и самоуправлении в деятельности аппарата;
      2) вносит предложения секретарю районного маслихата о назначении на должность и освобождении от должности работников аппарата;
      3) осуществляет руководство работниками аппарата маслихата, организует, координирует и контролирует их работу;
      4) осуществляет руководство комиссией по установлению общего стажа государственных служащих, контролирует соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины, работу по организации документооборота;
      5) согласовывает и представляет секретарю районного маслихата предложения по вопросам командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации и премирования работников аппарата;
      6) предоставляет на подпись и рассмотрение секретарю районного маслихата проекты решений, распоряжений, а также адресуемые секретарю маслихата документы и материалы.
      7) подписывает служебную документацию, трудовые книжки работников аппарата;
      8) осуществляет контроль за административно-хозяйственной деятельностью аппарата маслихата.
      23. Руководитель аппарата маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан несет ответственность за выполнение возложенных на него обязанностей.

4. Имущество аппарата маслихата

      24. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.
      26. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата

      27. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.