1. Хромтау ауданында тұрақты тұратын 2016 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
3. Ұсынылсын:
1) "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Хромтау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
2) "Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
3) Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) республикалық мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзіреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қала, ауылдық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Аспеновке және Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Кумаровқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |