Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 07.02.2024 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 07.02.2024 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аспеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі | А. Усмангалиев |
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы |
|
________ Д. Молдашев | |
"___"_________2016 жыл |
Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 218 қаулысымен бекітілді |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 07.02.2024 № 18 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша |
1 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
2 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
3 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
4 | ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
Мәдениет саласы бойынша | |
1 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
2 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (директорының) орынбасары |
3 | Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
4 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші |
5 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші |
6 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санаттағы мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші |
7 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: библиограф, аккомпаниатор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші |
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме
МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын