Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 04.04.2019 № 88 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 119 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3951 болып тіркелген, "Шалқар" аудандық газетінде 2014 жылы 26 маусымда жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
қаулының кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18, 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Жидехановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Данағұлов |
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Жиенгазина |