"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативерде ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына;
2) шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін осы қаулының 3, 4-қосымшаларына сәйкес.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулына әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы | |
облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы № 29 қаулысына 1-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперетивтерде ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперетивтерде қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы № 29 қаулысына 2-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың/қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды өнім берушілерге 100 %-ға дейін өтеу кезінде – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5–қосымшасына сәйкес нысан бойынша ірі қара малдың/қойдың аналық басын ұрықтандыру туралы акт және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5–қосымшасына сәйкес нысан бойынша ірі қара малдың ұрықтанған аналық басын тексеру актісі.Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы № 29 қаулысына 3-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы № 29 қаулысына 4-қосымша |