Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 20.09.2019 № 397 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына және "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 78 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" № 336 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 15 қыркүйекте № 3403 тіркелген, 2015 жылғы 20 қазандағы № 119 "Жетісу" және № 119 "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде:
бүкіл мәтін бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығының" (бұдан әрі – ХҚО)" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)" сөздеріне, "ХҚКО-на" сөзі "Мелекеттік корпорация" сөздеріне, "ХҚКО-ның" сөзі "Мемлекеттік корпорацияның" сөздеріне, "Халыққа қызмет көрсету орталығының" сөздері "Мемлекеттік корпорацияның сөздеріне", "30 (отыз) минут" сөздері "15 (он бес) минут" сөздеріне ауыстырылсын.
2. "Алматы облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |