1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының шекарасы (шегі) 70 гектар жерді қосу жолымен өзгертілсін.
2. Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысына осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Алматы облыстық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямовичқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | |
хатшысы | С. Мұқанов |
Облыс әкімі | А. Баталов |
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Телпекбаева |