"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы "Субсидиялар нормативтерін және көлемдерін бекіту туралы" № 29 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тізіліміне 2016 жылдың 10 ақпанында № 3699 тіркелген, 2016 жылдың 13 ақпанында № 20 "Жетісу" газетінде және 2016 жылғы 16 ақпанында № 21 "Огни Алатау" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 3 және 4-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "27" қазан № 543 қаулысына 1-қосымша | |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 29 қаулысына 3-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы "27" қазан № 543 қаулысына 2-қосымша | |
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 29 қаулысына 4-қосымша |