"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орныдары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Калиев Малдыбай Молдабаевич) үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендттермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
4. Қала әкімі аппаратының басшысы Шоканова Гаухар Жексенбаевна осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет–ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай–ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Кольбаев Марлен Қапашовичке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Б. Қарасаев |
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 06.11.2020 № 492 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Орындар | Мекен-жайы |
Талдықорған қаласы бойынша | ||
1. | "Медицина колледжі" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | "Жетісу" шағын ауданы |
2. | "Шевченко көшесі" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында |
3. | "Самал" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | "Самал" шағын ауданы |
4. | "№ 9 орта мектеп" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | "Қаратал" шағын ауданы |
5. | "№ 8 орта мектеп" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | Тыныбаев көшесі бойында |
6. | "Фиалка дүкені" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | Қабанбай батыр көшесі бойында |
7. | "Госпиталь" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | "Шығыс" шағын ауданы |
8. | "Жерұйық" коммуналдық базары" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | "Ғарышкер" шағын ауданы |
9. | "Дәулет" сауда үйі" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | "Жастар" шағын ауданы |
10. | "Облыстық аурухана" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | Ескелді би көшесі бойында |
11. | "№ 9 әскери қалашық" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | № 9 әскери қалашық |
12. | "Қызыл тас" тұтынушылар кооперативі қоғамдық көліктің соңғы аялдамасының аумағындағы стенд | "Қызыл тас" тұтынушылар кооперативі, № 1, № 3 автобус бағыттарының соңғы аялдамасы |
13. | "Үйтас" тұтынушылар кооперативі қоғамдық көліктің соңғы аялдамасының аумағындағы стенд | "Үйтас" тұтынушылар кооперативі, № 16 автобус бағытының соңғы аялдамасы |
14. | "№ 27 орта мектеп" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | Әнуар Әлімжанов көшесі,"Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 27 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында |
15. | "Болашақ" шағын ауданы қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | Астана даңғылы бойында |
16. | "Болашақ" шағын ауданы қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | Бәйкен Әшімов көшесі бойында |
17. | "Береке" тұрғын массиві" қоғамдық көліктің аялдамасының аумағындағы стенд | "Береке" тұрғын массиві № 5 көшесі бойында |
Еркін селолық округі бойынша | ||
18. | "Дүкен" қоғамдық көліктің аялдамасы аумағындағы стенд | Еркін ауылы, Сүлеев көшесі |
Өтенай селолық округі бойынша | ||
19. | Ауылдық-дәрігерлік амбулаторияның аумағындағы стенд | Өтенай ауылы, Тұңғатов көшесі |
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 06.11.2020 № 492 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Үй – жайлар | Мекен-жайы |
1. | "Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы | Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 241 |
2. | "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұрғиса Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залы | Талдықорған қаласы, Абай көшесі, № 264 |
3. | "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залы | Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, № 153 |
4. | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының № 3 корпусының залы | Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 27 |
5. | "Алматы облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Достық Үйі–Қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің залы | Талдықорған қаласы, "Қаратал" шағын ауданы, № 36 "а" |
6. | "Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің залы | Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, № 36 "б" |
7. | "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еркін ауылдық № 3 кітапхана-филиалының залы | Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Кенжебеков көшесі, № 1 |
8. | "Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еңбек ауылдық № 4 кітапхана-филиалының залы | Талдықорған қаласы, Еңбек ауылы, Панфилов көшесі, № 1 а |
9. | "Алматы облысының жастар саясат мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Алматы облысының Жастар ресурстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Жастарға қызмет көрсету орталығы" ғимаратының залы | Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі, № 47 |
10. | "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залы | Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі, № 51 |
11. | "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының залы | Талдықорған қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, № 67 |