Талдықорған қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 12 мамырда № 3824 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 191 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 22.05.2018 № 191 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талдықорған қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс ІІ
      сессияның төрайымы Ж.Нұрлыбаева
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы Қ.Бұлдыбаев

О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Талдыкорган

Решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 13 апреля 2016 года № 10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 12 мая 2016 года № 3824. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 22 мая 2018 года № 191

      Сноска. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 22.05.2018 № 191 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии пунктом 5 статьи 386 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый Кодекс), статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить базовые ставки земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по городу Талдыкорган.
      2. Возложить на руководителя аппарата Талдыкорганского городского маслихата Бигожанова Тимура Капасовича опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе городского маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата "По вопросам социальной защиты, соблюдению законности, защиты окружающей среды и прав граждан".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      ІІ сессии Ж.Нурлыбаева
      Секретарь
      городского маслихата К.Булдыбаев