1. Теміржол селолық округінің Қазыбек бек бекетіндегі "Ленин" көшесі "Айтжан Көшербаев" көшесіне қайта аталсын.
2. "Теміржол селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Амирова Венера Кенжетайқызына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Баймолдаев |