Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-49 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 12 қаңтарда № 4063 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 65-261 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 05.11.2020 № 65-261 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11342 тіркелген) сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
      2. Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Іле ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:
      өтініш, 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік
      көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
      алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
      психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      "Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10589 тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
      банкте шоттың нөмірі болуы туралы құжат;
      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді;
      5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтiнiш берген күннен бастап төленеді.
      3. Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қарашадағы "Іле ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 39-185 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 27 қарашасындағы № 2929 тіркелген, "Іле таңы" газетінде 2014 жылдың 5 желтоқсанда № 50 (4581) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының
      сессия төрайымы Г. Ерубаева
      Іле аудандық
      мәслихатының хатшысы Р. Абилова

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Илийском районе

Решение маслихата Илийского района Алматинской области от 26 декабря 2016 года № 10-49. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 12 января 2017 года № 4063. Утратило силу решением Илийского районого маслихата Алматинской области от 5 ноября 2020 года № 65-261

      Ескерту. Утратило силу решением Илийского районого маслихата Алматинской области от 05.11.2020 № 65-261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11342), Илийский районный маслихат РЕШИЛ:
      1.Определить возмещение затрат на обучение на дому (далее – возмещение затрат на обучение) родителей и иных законных представителей детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану ежеквартально в размере восьми месячных расчетных показателей.
      2. Определить следующий порядок:
      1) возмещение затрат на обучение производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Илийского района";
      2) возмещение затрат на обучение предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями (далее – получатель);
      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:
      заявление, по форме согласно приложению 1 к стандарту государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей инвалидов", утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 (далее – Стандарт);
      документ, удостоверяющий личность получателя;
      документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка или справка сельского акима);
      заключение психолого-медико-педагогической консультации;
      справка об инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года №44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10589);
      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;
      справка из учебного заведения, подтверждающая факт обучения ребенка-инвалида на дому, по форме согласно приложению 2 к стандарту;
      4) возмещение затрат на обучение назначается на один год с момента признания необходимости обучения ребенка с ограниченными возможностями на дому, указанного в заключении психолого-медико-педагогической консультации и выплачивается ежеквартально за указанный период;
      5) в случае первоначального назначения возмещение затрат на обучение выплачивается со дня обращения.
      3. Признать утратившим силу решение Илийского районного маслихата от 10 ноября 2014 года № 39-185 "Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Илийском районе" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 27 ноября 2014 года № 2929, опубликованного в газете "Илийские зори" от 5 декабря 2014 года № 50 (4581).
      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Илийского районного маслихата "По вопросам социальной защиты населения, труда, занятости, образования, здравоохранения, культуры и языка".
      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Илийского
      районного маслихата Г. Ерубаева
      Секретарь Илийского
      районного маслихата Р. Абилова