1. Қаратал аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. "Қаратал ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы М. Сырлыбаевқа осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Бисембаев |
Қаратал ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Үштөбе қаласы бойынша:1) Үштөбе қаласы, Жолбарыс батыр және Кузнецов көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Үштөбе қаласы, Б. Момышұлы көшесі, № 229, Қаратал аудандық ауруханасы ғимаратының жанындағы стенд;
3) Үштөбе қаласы, Төле би және Абдрахман ақын көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Үштөбе қаласы, Түркісіб және Б. Момышұлы көшелерінің қиылысындағы стенд;
5) Үштөбе қаласы, Мартынов және Нұрмұхамбетов көшелерінің қиылысындағы стенд.
2. Айту би ауылдық округі бойынша:
1) Көкпекті ауылы, Н. Жанысбайұлы көшесі, № 5, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
2) Жасталап ауылы, Сейфуллин көшесі, № 1, Құлжабай батыр атындағы орта мектеп ғимаратының жанындағы стенд;
3) Айту би ауылы, Достық көшесі, № 1 үй жанындағы стенд;
4) Қожбан ауылы, Мұнайтпасов және К. Әзірбаев көшелерінің қиылысындағы стенд.
3. Балпық ауылдық округі бойынша:
1) Жанаталап ауылы, Жамбыл көшесі, № 34, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
2) Оян ауылы, Асықбаев көшесі, № 11/2, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Ұмтыл ауылы, Бейсенбіұлы Ахметше көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
4. Бастөбе ауылдық округі бойынша:
1) Бастөбе ауылы, Комаров көшесі, № 3, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ортатөбе ауылы, Серегин көшесі, № 3, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Кішітөбе ауылы, Комсомолская көшесі, № 35, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
4) Жылыбұлақ ауылы, Мира және Әуезов көшелерінің қиылысындағы стенд.
5. Елтай ауылдық округі бойынша:
1) Қаражиде ауылы, Қонаев көшесі, № 8, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанындағы стенд;
2) Сарыбұлақ ауылы, Өтеген батыр көшесі, № 13, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
6. Ескелді ауылдық округі бойынша:
1) Ескелді ауылы, Жансүгіров және Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы стенд;
2) Көкдала ауылы, Жамбыл көшесі, № 14/1, фельдшерлік акушерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд;
3) Қызылжар ауылы, Байтұрсынов және Д. Дүйсенбаев көшелерінің қиылысындағы стенд;
4) Қайнар ауылы, Қайнар көшесі, № 3 үйдің жанындағы стенд.
7. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:
1) Кәлпе ауылы, Р. Бекенов көшесі, № 24, ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының жанындағы стенд;
2) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд;
3) Қарашеңгел ауылы, Жамбыл көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
8. Қаңбақты ауылдық округі бойынша:
1) Алмалы ауылы, Жайлығұлов көшесі, № 1, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;
2) Ақжар ауылы, Тілеуғұл батыр көшесі, № 5, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
9. Қызылбалық ауылдық округі бойынша:
1) Көпбірлік ауылы, Жетінші көшесі, № 4, ауылдық аурухана ғимаратының жанындағы стенд;
2) Қарақұм ауылы, Ш. Уәлиханов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы стенд.
10. Тастөбе ауылдық округі бойынша:
1) Тастөбе ауылы, Халықов көшесі, № 1, фельдшерлік пункт ғимаратының жанындағы стенд.
Қаратал ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
1. Бастөбе ауылдық округі бойынша:1) Бастөбе ауылы, Комарова көшесі, № 3, аудандық Мәдениет үйінің акті залы.
2. Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша:
1) Қанабек ауылы, Саринов көшесі, № 20, Мәдениет үйінің акті залы.