"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 5 ұсынысының негізінде, Тастөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округінің Тастөбе ауылының № 1 табынына, мүйізді ірі қара малдардың арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты, карантин белгіленсін.
2. "Қаратал ауданының Тастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Солтанкулова Камила Мухаевнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Қаратал ауданы Тастөбе ауылдық округі әкімінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тастөбе ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Байгунысов |