Жергілікті маңызы бар "Меркі" мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 100 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 мамырда № 3055 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меркі және Т. Рысқұлов аудандарының аумақтарында осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес шекара шегінде жалпы алаңы 68 910 гектар жергілікті маңызы бар "Меркі" мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі-Қаумал) құрылсын.
      2. Қаумалдың аумағында осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне шектеу белгіленсін.
      3. Қаумал "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілсін.
      4. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігінің
      Орман шаруашылығы және жануарлар
      дүниесі комитетінің төрағасының міндетін атқарушы
      Қ. Үстеміров
      13 сәуір 2016 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің 
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 100 қаулысына 1 қосымша

Жергілікті маңызы бар "Меркі" мемлекеттік табиғи қаумалын жерге орналастыру жобасы


 
  Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 100 қаулысына 2 қосымша

Жергілікті маңызы бар "Меркі" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне белгіленген шектеулер

      Мыналарға тиым салынады:
      мемлекеттiк табиғи қорықтың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
      жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
      жануарлар мен өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;
      атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      пайдалы қазбалар өндiруге;
      әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшілік аң аулауға;
      радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
      жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, заңсыз жұмыртқа жинау жұмыстарын жүргізуге;
       қаумалдың аумағында және оған шекаралас аумақтарда шөптесін өсімдіктерді өртеуге;
      автокөлікті және басқа да механикалық құралдарды су айдындары жағалауына қоюға және жууға, ыдыс аяқ жууға, кір жууға, үй жануарларын шомылдыруға;
      арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде тағам әзірлеу үшін от жағуға, мангал, ошақ орнатуға;
      рұқсат етілген жинау орындарынан тыс жерлерде жабайы өсетін ағаш, бұта, шөп өсімдіктерін және дәрі-дәрмектік шикізат жинауға және қазып алуға;
      мемлекеттік табиғи – қорық қоры мен табиғи кешендер объектілерінің табиғи дамуына және сақталуын бұзатын өзге қызметтерге.

О создании государственного природного заказника местного значения "Мерке"

Постановление акимата Жамбылской области от 31 марта 2016 года № 100. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 5 мая 2016 года № 3055

       Примечание РЦПИ.
       В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях" акимат Жамбылской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Государственный природный заказник местного значения "Мерке" (далее - Заказник) общей площадью 68 910 гектара на территориях Меркенского и Т.Рыскуловского районов в пределах границ согласно приложению 1 к настоящему постановлению.
      2. Установить на территории Заказника ограничения хозяйственной деятельности для собственников земельных участков, землепользователей и природопользователей согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
      3. Заказник закрепить за коммунальным государственным учреждением "Меркенское государственное учреждение по охране лесов и животного мира Управления природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области".
      4. Коммунальному государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования акимата Жамбылской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";
      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Жамбылской области;
      4) принятие иных мер, вытекающие из настоящего постановления.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Нуралиева А.
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области К. Кокрекбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
      исполняющий обязанности
      Председателя Комитета лесного хозяйства
      и животного мира Министерства сельского
      хозяйства Республики Казахстан
      К. Устемиров
      13 апреля 2016 года

  Приложение 1
к постановлению акимата
Жамбылской области от
31 марта 2016 года, № 100

Землеустроительный проект государственного природного заказника местного значения "Мерке"


  Приложение 2
к постановлению акимата
Жамбылской области
от 31 марта 2016 года № 100

Ограничения хозяйственной деятельности для собственников земельных участков, землепользователей и природопользователей на территории государственного природного заказника местного значения "Мерке".

      Запрещается:
      Размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы заказника;
      ведение интенсивных форм сельского и лесного хозяйства с применением токсичных для животного и растительного мира ядохимикатов, удобрений и гербицидов;
      промысловый лов рыбы;
      выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод, размещение отходов;
      добыча полезных ископаемых;
      любительская (спортивная) и промысловая охота;
      разрушение гнезд, нор, логовищ и других местообитаний, сбор яиц, равно как и другие действия, вызвавшие или которые могут вызвать гибель животных и растений;
      захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;
      интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений.
      отжиги травяной растительности на территории заказника прилегающих к нему территориях;
      парковка и мытье автотранспорта и других механических средств на берегах водоемов, мытье посуды, стирка белья, купание домашних животных;
      разведение костров, установка мангалов, очагов для приготовления пищи вне специально установленных и оборудованных мест;
      сбор и выкопка дикорастущих древесных, кустарниковых, травянистых растений и лекарственного сырья вне разрешенных мест сбора, включая сбор гербарного материала;
      иная деятельность, нарушающая естественное развитие и сохранение объектов государственного природно-заповедного фонда и природных комплексов.