Қордай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 6-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 3182 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 73-4

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 10.09.2020 № 73-4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Келесі тәртіп айқындалсын:

      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі.

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:

      өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі -Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат; (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);

      психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      "Медициналық–әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамасы;

      банктегі шоттың болуы туралы құжат;

      Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау алтыншы шақырылған Қордай аудандық мәслихатының экономика, қаржы, бюджет, жергілікті өзін-өзі басқару, индустриялық-инновациялық дамыту, аймақты, көлік пен байланысты, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы
      Б. Әлімбет Р. Нурсипатов

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Кордайском районе

Решение Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 10 октября 2016 года № 6-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 20 октября 2016 года № 3182. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 10 сентября 2020 года № 73-4

      Сноска. Утратило силу решением Кордайского районного маслихата Жамбылской области от 10.09.2020 № 73-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Кордайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить возмещение затрат на обучение на дому родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану ежеквартально в размере шести месячных расчетных показателей.

      2. Определить следующий порядок:

      1) возмещение затрат на обучение производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Кордайского района" за счет средств местного бюджета;

      2) возмещение затрат на обучение предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с ограниченными возможностями (далее - получатель);

      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление по форме, согласно приложению 1 к Стандарту государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей- инвалидов", утвержденному приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11342) (далее - Стандарт);

      документ, удостоверяющий личность услугополучателя;

      документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства (адресная справка или справка сельского акима);

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справка об инвалидности по форме, утвержденной приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 44 "Об утверждении Правил проведения медико-социальной экспертизы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10589);

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающая факт обучения ребенка-инвалида на дому, по форме, согласно приложению 2 Стандарта.

      3. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам экономики, финансов, бюджета, развития местного самоуправления, индустриально-инновационного развития, развития региона, транспорта и связи, малого и среднего бизнеса.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Секретарь
      районного маслихата районного маслихата
      Б. Алимбет Р. Нурсипатов