Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарымолдаев ауылдық округінің Сарымолдаев ауылындағы Базарная көшесі Қырғызбай Қожамбердиев болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Е.Киргизбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Ж. Абдуллаев |