Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жапарұлы Есеевке жүктелсін
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нүркенов |
Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №15 қаулысына қосымша |