Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 28.11.2017 № 18-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1. "Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 34-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2642 болып тіркелген, 2015 жылдың 9 маусымындағы "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған") келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасындаларында:
8 тармағы келесі басылымда жазылсын:
"8. Жан басына шаққанда орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауырып, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек және жан басына шаққанда орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын, туберкулез ауруымен ауыратын науқастарды амбулаториялық деңгейде емдеу кезеңінде ай сайын 12 372 (он екі мың үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі".
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнен кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессиясының | Аудандық мәслихаттың |
төрағасы | хатшысы |
М. Мұқашев | Ш. Исабеков |