Қарағанды қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 47/04 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 60 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 шілдеде № 3915 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласындағы Луговая көшесі – Сабыр Рахымов көшесі деп қайта аталсын.
      2. Қарағанды қаласындағы 137 есептік орамға – Бауыржан Момышұлының есімі берілсін.
      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін.
      4. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков
      Сессия төрағасы Н. Иманов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Әбдікеров

О наименовании и переименовании некоторых составных частей города Караганды

Совместное постановление акимата Карагандинской области от 27 июня 2016 года № 47/04 и решение Карагандинского областного маслихата от 30 июня 2016 года № 60. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 25 июля 2016 года № 3915

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", на основании заключения Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Переименовать улицу Луговая города Караганды – на улицу Сабыра Рахимова.
      2. Присвоить имя Бауыржана Момышулы – 137 учетному кварталу города Караганды.
      3. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата Карагандинской области и решения Карагандинского областного маслихата возложить на курирующего заместителя акима Карагандинской области и постоянную комиссию Карагандинского областного маслихата по вопросам социально-культурного развития и социальной защите населения (С.М. Адекенов).
      4. Настоящее совместное постановление акимата Карагандинской области и решение Карагандинского областного маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.
      Аким Карагандинской области Н. Абдибеков
      Председатель сессии Н. Иманов
      Секретарь областного маслихата Р. Абдикеров