Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 30.04.2020 № 27/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға,қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14118 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сәулет қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015жылғы 12 тамыздағы № 45/07 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3406 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйектегі №150-151 (22 035) "Орталық Қазақстан" және 2015 жылғы 24 қыркүйектегі №132 (21833) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 25 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
нұсқалған қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1) "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;";
1-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"3) "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.";
нұсқалған қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі келесі анықтамалардың бірі: "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.";
Нұсқалған қаулымен бекітілген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген), (бұдан әрі- стандарт) бекітілген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және келесі бастапқы материалдарды:
техникалық шарттарды;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
тік жоспарлау белгілерін;
жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.";
7-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) жауапты орындаушы келіп түскен өтінішті қарастыра отырып, бір мезгілде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге техникалық шарттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде алуға арналған сауалнама парағын жібереді және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша өтініштерді 6 (алты) жұмыс күні ішінде, бастапқа материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, ал техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттарды беруге 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде, мерзімі екі жұмыс күндерінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;";
10-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
3) жауапты орындаушы келіп түскен өтінішті қарастыра отырып,бір мезгілде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге техникалық шарттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде алуға арналған сауалнама парағын жібереді және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша өтініштерді 6 (алты) жұмыс күні ішінде, бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, ал техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттарды беруге 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алу 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде, мерзімі екі жұмыс күндерінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қолқоюға жолдайды;";
11-тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"8 процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (СЖТ алу) алуы.
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырғансәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі - 6 (алты) не 15 (он бес),не 17 (он жеті) жұмыс күні.
Мемлекеттік ккорпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету меріміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылдары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.";
нұсқалған қаулымен бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй- жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті".
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттары бар (бұдан әрі-өтініш) "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емесқолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштің бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі |
Н. Әбдібеков |