Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы №363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы VI шақырылған IV сессиясының № 39 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қыркүйекте № 3949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылдың 14 сәуірдегі № 215 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      3 тармағының 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8) өкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      9 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай: 75 жас және одан асқан адамдарға.";

      27 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "27. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.";

      келесі мазмұндағы 27-1 тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 385 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13773 болып тіркелген).";

      келесі мазмұндағы 27-2 тармақпен толықтырылсын:

      "27-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";

      келесі мазмұндағы 27-3 тармақпен толықтырылсын:

      "27-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";

      33 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "33. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорларын пайдалана отырып жүргізеді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Ивченко
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Жайназаров

      2016 жылғы 24 тамыз

О внесении изменений и дополнений в решение XLI сессии Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды"

Решение IV сессии VI созыва Карагандинского городского маслихата от 24 августа 2016 года № 39. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 6 сентября 2016 года № 3949. Утратило силу решением Карагандинского городского маслихата от 27 сентября 2023 года № 96

      Сноска. Утратило cилу решением Карагандинского городского маслихата от 27.09.2023 № 96 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2016 года № 215 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан", в целях социальной поддержки отдельных категорий нуждающихся граждан Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. В решение Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2898, опубликовано в газете "Взгляд на события" от 29 декабря 2014 года № 162 (1396), в информационно-правовой системе "Әділет" от 8 января 2015 года) внести следующие изменения и дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды, утвержденных указанным решением:
      подпункт 8) пункта 3 изложить в следующей редакции:
      "8) уполномоченная организация - некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан";";
      подпункт 4) пункта 9 изложить в следующей редакции:
      "4) ко дню Независимости Республики Казахстан: лицам 75 лет и старше.";
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      "27. Социальная помощь на основе социального контракта предоставляется на условиях участия трудоспособных членов семьи (лица) в мерах содействия занятости и случае необходимости социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных на срок действия социального контракта активизации семьи и выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по заявлению претендента.";
      дополнить пунктом 27-1 следующего содержания:
      "27-1. Социальный контракт активизации семьи заключается согласно формам, утверждаемым приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 мая 2016 года № 385 "Об утверждении форм документов для участия в проекте "Өрлеу" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13773).";
      дополнить пунктом 27-2 следующего содержания:
      "27-2. Социальный контракт активизации семьи заключается на шесть месяцев с возможностью пролонгации еще на шесть месяцев, но не более одного года при условии необходимости продления социальной адаптации членов семьи, и (или) не завершения трудоспособными членами семьи профессионального обучения и (или) прохождения молодежной практики и (или) занятости в социальных рабочих местах.";
      дополнить пунктом 27-3 следующего содержания:
      "27-3. Социальный контракт активизации семьи заключается в двух экземплярах, один из которых выдается заявителю под роспись в журнале регистрации, второй – хранится в уполномоченном органе, заключившим социальный контракт активизации семьи.";
      пункт 33 изложить в следующей редакции:
      "33. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием баз данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес" и "Социальная помощь". ".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам труда и социальной сферы (председатель Мухтаров Жандил Ахуанович).
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г. Ивченко
      Секретарь городского маслихата К. Бексултанов

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного учреждения
"Отдел занятости и социальных программ
города Караганды"
Б. Жайназаров

      24 августа 2016 года