Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 16.04.2025 № 15/37 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Владимир Анатольевич Костюшинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "24" қарашадағы № 47/4 қаулысына қосымша |
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ р/с | Өлшемшарттың атауы | Иеліктен айыру түрі |
1 |
Жекешелендіру объектісін одан әрі бақылауға мемлекеттің мүдделілігінің болмауы. | Сауданы аукцион нысанында өткізу |
2 |
Жекешелендіру объектісін сату шарттарын белгілеу қажеттігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешегінің өтелуі, жалақы бойынша берешегінің өтелуі және басқа да шарттар). | Сауданы тендер нысанында өткізу |
3 | Сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүлікті жалдау (жалға алу) шартының шарттарын орындауы. | Тікелей атаулы сату |
4 | Жекешелендіру объектісінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетел инвесторларын қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттігі. | Сауданы қор биржасында өткізу |