Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 24.12.2021 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 219 "Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2623 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 6 мамырдағы № 20 (692) "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Жәйрем кентінің аумағында көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:
12 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Жәйрем поселкесі Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесіне береді.".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VІІI сессияның төрағасы | Т. Қасымов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |