Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 432 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 наурызда № 3688 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі N 265 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.04.2018 N 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Күнеділов
      Қалалық
      мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

О повышении базовой ставки земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения

Решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 17 февраля 2016 года № 432. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 3 марта 2016 года № 3688. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 18 апреля 2018 года N 265

      Сноска. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 18.04.2018 N 265 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовую ставку земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Кунедилов
      Секретарь
городского маслихата
Т. Хмилярчук