"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 05/22 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 3715 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 13/81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 27.04.2016 № 13/81 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 04/02 "Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сәтбаев қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
А.А. Идрисов

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 16 ақпандағы
№ 05/22 қаулысымен бекітілген

"Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тіл саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
       10. Осы Ереже "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
       Егер "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
       қала аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғи және өзге де объектілерді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізу;
       қала тұрғындарына заман талабына сай мәдени ортаны және азаматтардың әлеуметтік оптимизмдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдениет саласында қолжетімді және сапалы қызмет ұсыну;
       мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын және қалада тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтауды қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу.
      14. Міндеттері:
       мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
       саз, хореографиялық, театралдық, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерінің дамуына жағдай жасау;
       мемлекеттік тілді дамытуды басты назарға ала отырып, қала аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамытуға және үштілділік принципін қолдану мен таратуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру;
       қала тұрғындарының тіл мәдениеті деңгейін арттыру;
       мәдени - көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.
      15. Функциялары:
       жергілікті атқарушы органдарға театрлық, музыкалық және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени - сауық жұмысы саласындағы мемлекеттік мәдени ұйымдарды құру туралы ұсыныс енгізу, сонымен қатар олардың қызметін қолдау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
       жергілікті маңыздағы тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштеріне санақ жүргізу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
       қалалық мәдени мекемелердің қызметкерлерін аттестациялауды өткізу;
       қаланың мәдени нысандарын салу, жөндеу және қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды енгізу;
       тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қала аумағында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;
       мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық іс- шараларды өткізу;
      тиісті органдарға ауылдарды (селоларды), кенттерді, ауылдық (селолық) округтерді, қаланың құрамды бөліктерін атау және қайта атау, оған қоса транскрипциясын өзгерту бойынша ұсыныстарды енгізу;
      тіл туралы заңнамаларда белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасау, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларында белгіленген талаптардың бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту шаралары туралы құзырлы органдарға ұсыныс жасау.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
       мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдармен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
       мәдениет және тілдерді дамыту қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге;
       тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
       қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;
       мәдениет және тіл саясаты мәселелері бойынша барлық мекемелер, мемлекеттік органдар, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
       қала тұрғындарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
       заңнамаға сәйкес "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
       заңнамамен белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
       "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату бөлім басшысының келісімімен жүзеге асырылады;
       заңмен белгіленген тәртіпте "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады, еңбек қарым - қатынасы сұрақтарын шешеді;
      бұйрықтар шығарады;
       барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
       мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;
       азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
       қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
       "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      20. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
       "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
       21. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев"

Постановление акимата города Сатпаев Карагандинской области от 16 февраля 2016 года № 05/22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 15 марта 2016 года № 3715. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 27 апреля 2016 года № 13/81

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Сатпаев Карагандинской области от 27.04.2016 № 13/81.
      В соответствии с законами Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" и постановлением акимата города Сатпаев от 10 февраля 2016 года № 04/02 "О реорганизации государственных учреждений" акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев".
      2. Государственному учреждению "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Имамбай С.С.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
акима города Сатпаев
А.А. Идрисов

  Утверждено
постановлением
акимата города Сатпаев
от 16 февраля 2016
№ 05/22

Положение государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах культуры и языковой политики.
      2. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" является юридическим лицом в организацонно - правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" вступает в гражданско - правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Карагандинская область, 101301, город Сатпаев, проспект академика Каныша Сатпаева, дом 111.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев".
      11. Финансирование деятельности государcтвенного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев".
      Если государственному учреждению "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев":
      внесение предложения об объявлении охраняемыми памятниками природы, истории и культуры находящиеся на территории города природные и иные объекты, представляющие экологическую, историческую, культурную или научную ценность;
      предоставление качественных и доступных услуг в области культуры, способствующих формированию современной культурной среды и социального оптимизма граждан, населяющих город;
      проведение гармоничной языковой политики, обеспечивающей функционирование государственного языка и сохранение языков всех этносов, проживающих в городе.
      14. Задачи:
      реализация государственной политики в области культуры;
      создание условий для развития музыкального, хореографического, театрального, изобразительного и других видов искусств;
      реализация государственной языковой политики, направленной на распространение и применение принципа триединства языков и развития языков народов, проживающих на территории города, с приоритетным развитием государственного языка;
      повышение уровня языковой культуры населения города;
      организация культурно - массовых мероприятий.
      15. Функции:
      внесение в местный исполнительный орган предложений о создании государственных организаций культуры города в сфере театрального, музыкального и киноискусства, библиотечного и музейного дела, культурно -досуговой работы, а так же осуществление поддержки и координации их деятельности;
      организация работы по учету, охране использованию памятников истории, материальной и духовной культуры местного значения;
      проведение аттестации работников организаций культуры города;
      внесение предложений по строительству, реконструкции и ремонту обьектов культурного назначения города;
      разработка и обеспечение осуществления плана мероприятий по реализации на территории города государственной программы функционирования и развития языков;
      проведение мероприятий городского уровня, направленные на развитие государственного и других языков;
      внесение предложений в соответствующие органы о наименовании и переименовании аулов (сел), поселков, аульных (сельских) округов, составных частей города, а также же изменении их транскрипции;
      внесение рекомендаций об устранении нарушений требований законодательства о языках, внесение предложений в сооветствующие органы о применении мер административного взыскания к должностным лицам, виновным в нарушении закондательства Республики Казахстан о языках.
      16. Права и обязанности:
      запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций и граждан информацию, необходимую для выполнения своих функций, привлекать работников государственных органов и иных организаций к участию в подготовке вопросов, относящихся к компетенции государственного учреждения, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;
      вносить предложения акиму по совершенствованию организации деятельности в сфере культуры и развития языков;
      давать поручения, относящиеся к сфере деятельности государственного учреждения, соответствующим государственным органам и должностным лицам, контролировать их исполнение, а также участвовать в мероприятиях, проводимых центральными и местными исполнительными органами;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующими законами;
      взаимодействовать со всеми учреждениями, государственными органами, организациями по вопросам культуры и языковой политики;
      создавать все необходимые организационные, материально - технические условия для свободного и бесплатного овладения государственным языком населения города.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Сатпаев.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев":
      в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей сотрудников государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев";
      в установленном законодательством порядке назначает на должности и освобождает от должностей руководителей подведомственных организаций государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев";
      согласовывает назначение на должность и освобождение от должности заместителей руководителей подведомственных организаций государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев";
      в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры по поощрению сотрудников государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев", решает вопросы трудовых отношений;
      издает приказы;
      представляет государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" во всех государственных органах и иных организациях;
      выдает доверенности на право представления государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" в отношениях с третьими лицами, не связанные с исполнением государственных функций;
      осуществляет личный прием граждан;
      осуществляет иные полномочия, установленные действующим законодательством.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев", относится к коммунальной собственности.
      22. Государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел культуры и развития языков города Сатпаев" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.