Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары А. Сайдыға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.И. Омарханов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 05/01 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағытәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарындағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес |
Мемлекеттік | Мемлекеттік | Мемлекеттік | Мемлекеттік | ||
1 | Балабақша | 408 | 10404,0 | 8500 | 10404,0 |