Бұқар жырау ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Бұқар жырау ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 шілдеде № 3885 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бұқар жырау ауылындағы Юбилейная көшесінің атауы – Сарыжайлау көшесі болып, Бұқар жырау ауылындағы Центральная көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Бұқар жырау ауылындағы Школьная көшесінің атауы – Әшім Жапаров көшесі болып, Бұқар жырау ауылындағы Степная көшесінің атауы – Желтоқсан көшесі болып, Шалқар ауылындағы Верхняя көшесінің атауы – Жыланды көшесі болып, Шалқар ауылындағы Нижняя көшесінің атауы –Болашақ көшесі болып, Семізбұғы ауылындағы Горная көшесінің атауы – Кентау көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі Е. Узденов

О переименовании улиц в Бухар-Жырауском сельском округе

Решение акима Бухар-Жырауского сельского округа Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 16 июня 2016 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 4 июля 2016 года № 3885

      Руководствуясь пунктом 4 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно – территориальном устройстве Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и учитывая мнение жителей, аким Бухар – Жырауского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Переименовать улицу Юбилейная села Бухар-Жырау – на улицу Сарыжайлау, улицу Центральная села Бухар-Жырау – на улицу Достык, улицу Школьная села Бухар-Жырау – на улицу Ашима Жапарова, улицу Степная села Бухар-Жырау – на улицу Желтоксан, улицу Верхняя села Шалкар – на улицу Жыланды, улицу Нижняя села Шалкар – на улицу Болашак, улицу Горная села Семизбуга – на улицу Кентау.
      2. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.
      Аким Бухар-Жырауского сельского округа Е. Узденов