Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, жалпы білім деңгейі мен мамандығының дәрежелерін белгілеу, шақырылушылардың дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2000 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.
2. Жаңаарқа ауданының ауылдық округтар және кент әкімдері жасөспірімдердің Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырған түрде және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Омаров |