Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы ХХV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы XLVIII сессиясының № 48/426 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 сәуірде № 3738 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/166 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 16.05.2024 № VIII-22/166 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы XXV сессиясының № 25/203 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы "Қарқаралы" № 7-8 (11234) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      10-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6 еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.";

      12-тармақтың екінші абзацындағы "16" сандары "50" сандарымен ауыстырылсын;

      12-тармақтың жетінші абзацындағы "6" саны "10" сандарымен ауыстырылсын;

      келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Өтініш беруші әлеуметтік келісімшарт бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.";

      келесі мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.";

      келесі мазмұндағы 26-2 тармақпен толықтырылсын:

      "26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10474 болып тіркелген).";

      келесі мазмұндағы 26-3 тармақпен толықтырылсын:

      "26-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";

      келесі мазмұндағы 26-4 тармақпен толықтырылсын:

      "26-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";

      31-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "31. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингін және есепке алуды уәкілетті орган "E-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорларын пайдалана отырып жүргізеді.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
С. Жекеев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарқаралы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________Б. Жуманбаев

      "15" наурыз 2016 жыл

      "Қарқаралы ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________Б. Берниязов

      "15" наурыз 2016 жыл

О внесении изменений и дополнений в решение XXV сессии Каркаралинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 25/203 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение XLVIII сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 15 марта 2016 года № 48/426. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 1 апреля 2016 года № 3738. Утратило силу решением Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 16 мая 2024 года № VIII-22/166

      Сноска. Утратило силу решением Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 16.05.2024 № VIII-22/166 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение XXV сессии Каркаралинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 25/203 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2514, опубликовано в газете "Қарқаралы" от 25 января 2014 года № 7-8 (11234), в информационно-правовой системе "Әділет" 31 января 2014 года), следующие изменения и дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:
      подпункт 9) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "9) уполномоченная организация – некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан;";
      абзац четвертый пункта 10 изложить в следующей редакции:
      "наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога 0,6 кратном отношении к прожиточному минимуму.";
      в абзаце втором пункта 12 цифры "16" заменить цифрами "50";
      в абзаце седьмом пункта 12 цифру "6" заменить цифрами "10";
      дополнить пунктом 17-1 следующего содержания:
      "17-1. При обращении заявителя за социальной помощью на основе социального контракта проводится собеседование с гражданином.";
      дополнить пунктом 26-1 следующего содержания:
      "26-1. Социальная помощь на основе социального контракта предоставляется на условиях участия трудоспособных членов семьи (лица) в мерах содействия занятости и случае необходимости социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных на срок действия социального контракта активизации семьи и выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по заявлению претендента.";
      дополнить пунктом 26-2 следующего содержания:
      "26-2. Социальный контракт активизации семьи заключается согласно формам, утверждаемым приказом Министра здравоохранения и социального развития от 23 февраля 2015 года № 88 "Об утверждении формы социального контракта активизации семьи и индивидуального плана помощи семье" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10474).";
      дополнить пунктом 26-3 следующего содержания:
      "26-3. Социальный контракт активизации семьи заключается на шесть месяцев с возможностью пролонгации еще на шесть месяцев, но не более одного года при условии необходимости продления социальной адаптации членов семьи, и (или) не завершения трудоспособными членами семьи профессионального обучения и (или) прохождения молодежной практики и (или) занятости в социальных рабочих местах.";
      дополнить пунктом 26-4 следующего содержания:
      "26-4. Социальный контракт активизации семьи заключается в двух экземплярах, один из которых выдается заявителю под роспись в журнале регистрации, второй – хранится в уполномоченном органе, заключившим социальный контракт активизации семьи.";
      пункт 31 изложить в следующей редакции:
      "31. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием баз данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес" и "Социальная помощь".".
      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
исполняющий обязанности
секретаря районного маслихата
С. Жекеев

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного учреждения
"Отдел занятости и социальных
программ Каркаралинского района"
_________________________ Б. Жуманбаев

      15 марта 2016 год

      Руководитель государственного учреждения
"Отдел экономики и финансов
Каркаралинского района"
_________________________ Б. Берниязов

      15 марта 2016 год