Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 229 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қазанда № 4012 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 21.02.2017 № 46 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қарқаралы ауданының әкімі К. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 04 қазандағы
№ 229 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі


Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
"Қарқаралы аудандық орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
448
4
17
2
"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
157
3
4
3
"Қарқаралды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі
334
4
13
4
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі
121
3
3
5
"Алтай полиметалл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Теректі Кен-Байыту Комбинаты"
324
4
12
6
"Егіндібұлақ Агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
58
2
1
7
"Мыңжасар Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі" коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорыны
86
2
1
8
"Казпошта" акционерлік қоғамы Қарағанды облыстық филиалының Қарқаралы аудандық пошта байланыс торабы
86
2
1
9
"Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы № 44 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
90
2
2
10
"Қарқаралы қаласының Әлімхан Ермеков атындағы жалпы білім беретін № 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
82
2
1
11
"Қарқаралы қаласының академик О.А.Жаутыков атындағы жалпы білім беретін № 1 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
120
3
3
12
"Қарқаралы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
50
2
1
13
Қазақстан Республикасы "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамы филиалы Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясының Қарқаралы аудандық өндірістік телекоммуникация торабы
55
2
1

      

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 4 октября 2016 года № 229. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 24 октября 2016 года № 4012. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 21 февраля 2017 года № 46

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 21.02.2017 № 46 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Для организаций независимо от организационно-правовой формы и формы собственности в процентном выражении от списочной численности работников установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере от 2% до 4% согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Каркаралинского района К. Максутов

  Приложение
к постановлению акимата
Каркаралинского района
от 04 октября 2016 года
№ 229

Перечень организаций, для которых устанавливается квота рабочих мест для инвалидов


Наименование организации
Списочная численность работников
Размер квоты (% от списочной численности работников)
Количество рабочих мест для инвалидов
1
 
Коммунальное государственное предприятие "Центральная районная больница Каркаралинского района"
448
4
17
2
 
Коммунальное государственное учреждение "Психоневрологическое медико- социальное учреждение Каркаралинского района
Карагандинской области"
157
3
4
3
 
Государственное учреждение "Отдел
культуры и развития языков Каркаралинского района"
334
4
13
4
 
Республиканское государственное учреждение "Каркаралинский
государственный национальный
природный парк" комитета лесного
хозяйства и животного мира
Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
121
3
3
5
 
"Теректинский горно-обогатительный
комбинат" филиал товарищество с ограниченной ответственностью "Алтай
полиметаллы"
324
4
12
6
 
Коммунальное государственное учреждение "Егиндыбулакский Агротехнический колледж"
58
2
1
7
 
Коммунальное государственное казенное предприятия "Каркаралинский
сельскохозяйственный колледж
имени Мынжасара Адекенова"
86
2
1
8
 
Каркаралинский районный узел почтовой связи Карагандинского областного филиала акционерного общества "Казпочта"
86
2
1
9
 
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа № 44 имени Мади Бапиулы Каркаралинского района"
90
2
2
10
 
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа № 2 имени Алимхана Ермекова города Каркаралинска"
82
2
1
11
 
Коммунальное государственное учреждение "Казахская средняя общеобразовательная школа № 1 имени академика О.А.Жаутыкова
города Каркаралинска"
120
3
3
12
 
Государственное учреждение "Отдел образования Каркаралинского района"
50
2
1
13
 
Каркаралинский районный
производственный узел
телекоммуникаций Карагандинской
областной дирекции телекоммуникаций-филиала акционерного общества
"Казахтелеком"
55
2
1